Қордай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қазанындағы №13 қаулысына сәйкес, Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалған болатын. Осыған орай Қордай ауданы әкімінің аппараты барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған арнайы орындар тізімін жариялады, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, үгіттік материалдар төмендегі мекенжайларда орналастырылатын болады:

  1. Қақпатас ауылы — Д.Қонаев көшесі 27, тұрғын үй алдындағы ақпараттық тақта;
  2. Беріктас ауылы — Тұрар Сақалов көшесі 5, №28 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп ғимараты алдындағы ақпараттық тақта;
  3. Қарасай ауылы — Ж.Сұраубаев көшесі 57, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп ғимараты алдындағы ақпараттық тақта;
  4. Еңбек ауылы — Кәумен батыр көшесі 47, №22 Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп ғимараты алдындағы ақпараттық тақта.

Аталған шара сайлау процесінің ашықтығы мен үгіттік жұмыстардың заң шеңберінде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.