Жамбыл ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіруге арналған тұрғындармен кездесу өтті, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Н. Садыков пен Жамбыл ауылдық округінің әкімі А. Бірімқұлов қатысты. Кездесу барысында олар конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен мазмұнына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.
Спикерлердің айтуынша, жаңа жобадағы түзетулер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, көкейіндегі сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

