Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттеріне жүктелген функциялардың бірі мемлекетттік қызмет саласындағы бақылау бағыты болып табылады.

Мемлекеттік органдар өздерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

2026 жылдың өткен кезеңінде Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 28 тексеру жүргізілді, оның ішінде 6-і жоспарлы және 22-і  жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 365 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 18 ұсыну енгізілді.

Бұл ретте, тексерулермен анықталған 236 заңбұзушылық бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 57 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді (53-і мемлекеттік қызметшілер, 4-і жеке тұлға).

Одан бөлек, 2 мемлекеттік қызметшінің лауазымынан заңсыз босату шағымдарының негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, лауазымынан заңсыз босатылғандығы анықталды. Департаменттің ұсынысының негізінде аталған мемлекеттік қызметшілер бұрын атқарған лауазымына қайтадан тағайындалып, тиісті өтемақылары толықтай өтелді.

Сондай-ақ, бақылау шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметшінің бонустарын есептеу барысында нақты жұмыс істеген кемінде 15 жұмыс күні қосылмағандығы анықталып, нәтижесінде 27 663 теңгені құрайтын бонус төленді.

Сонымен қатар, жүргізілген жоспарлы тексерудің нәтижесінде                      4 қызметшіге заңсыз төленген сыйлықақы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, еңбек заңнамасында мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салынған және бұл мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзу болып табылады.

Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу нәтижесінде 21 қызметшіге 25 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты берілді.                           

Бұдан бөлек, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 150 қызметшіге 348 сағаттан астам демалыс уақыттары беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Жұмыс берушінің жұмыс нормасын заңсыз асырғаны үшін (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы 1-бөлігі бойынша) 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша жүгінген  6 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заң бұзушылықтарға жол берген 10 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 1-бөлігі-8, 99-бабы 2-бөлігі бойынша-2), жалпы сомасы 389 249 теңгені құрайтын айыппұлдар салынды.

Бұл ретте, Департаменттің ұсынуының негізінде жүргізілген конкурстардың нәтижелері жойылып, шағым иелерінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, еңбек  демалысының төлемдерін және іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген.

Осыған байланысты, Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 120 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 184 155 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді (іссапар шығындарын және еңбек демалыстарын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін).

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар Департаментпен тұрақты түрде жүргізілетін болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті