Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты іс-шаралар атқарылуда,-деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.
Соның бірі – Ауқатты ауылдық округінде жүзеге асып жатқан жобалар.Ауылда тұрғын үй салуға арналған жаңа алқап ашылып, қазіргі таңда бұл аумаққа ауыз су және электр желілері тартылып жатыр. Қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру үшін тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдар жаңартылуда, ал 9 жаңа трансформатор орнату жоспарланып отыр.
Санитарлық қауіпсіздік те назардан тыс қалған жоқ. Биоқауіпсіздікті сақтау үшін биотермиялық шұңқырдың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, қоқыс полигонына бейнебақылау камералары мен жарық шамдары орнатылған.
Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Абай көшесіне екі бағдаршам орнатылып, Астана көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылсай ауылында көпірді жөндеу басталды.
Ауылдың сыртқы келбетін жақсарту бағытында кіреберіс тұсқа заманауи стелла орнатылды. Балалар мен жастар үшін футбол, стритворкаут және ойын алаңшаларының құрылысы қолға алынған. Сонымен қатар «Жасыл төбе» шекара басқармасына табиғи газ тарту жұмыстары жүріп жатыр.
Жобалардың барлығы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі кезең-кезеңімен іске асырылып жатқан жұмыстар.