2025 жылдың 23 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында «Борышкер – 2025» атты акция өткізіледі. Аталған шараға Қордай ауданының полиция бөліміне қарасты барлық бөлімшелер, мемлекеттік органдар және жеке сот орындаушылары тартылады.
Осыған байланысты, азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырамыз.
Айыппұл сомасын кез келген банк бөлімшесінде №204106 есепшотына аударуға болады. Төлем жүргізілген соң, түбіртекті Қордай ауылы, «Батыс» шағын ауданы, №27 үй мекенжайындағы (аудандық полиция бөлімі ғимараты) әкімшілік полиция бөліміне алып келу қажет.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін 2-16-77 телефоны арқылы немесе жоғарыда көрсетілген мекенжайға хабарласуыңызға болады.
Ш. Ещиганов Қордай ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы,
полиция майоры