Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар

Жамбыл облысы бойынша 2025 жылғы 21 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды (1-лек).
Гранттар қайтарымсыз негізде ұсынылады және олардың басты мақсаты — жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қолдау көрсету.

Грант сомасы:

  • 400 АЕК мөлшерінде, яғни 1 572 800 теңге.
  • Әрбір қатысушы тек бір рет грант ала алады.

Бұл қаржы жас кәсіпкерлерге өз ісін бастауға, өндірістік процестерді жолға қоюға және ұзақмерзімді табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажетті қадамдар:

  1. Порталда тіркелу;
  2. Грант алу шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
  3. Бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп алып, оны толтырып порталға енгізу;
  4. Өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою.

Маңызды!
Егер сізде интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаса, өтінімді мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) беруге болады.