2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1) тармақшасына және 37-бабына сәйкес, 2018–2021 жылдары Қордай ауылдық округінде 2006–2007 жылдары жер учаскесін алу кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелері бөлінген болатын.

Қазіргі таңда бөлінген жер учаскелерін игермеген азаматтардан оларды қайтарып алу және жер учаскелерін кезекте тұрған келесі азаматтарға беру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты 2018–2021 жылдары жер алып, оны игермеген азаматтардан заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін қайтару жұмыстарын бастағанын хабарлайды.

Аталған кезеңде жер учаскелерін алған азаматтар Қордай ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Мекенжай: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 53, тел.: 2-15-05