Қордай ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Эльдар Апаев пен аудандық орталық аурухананың ұжымы қатысты. – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі

Кездесу барысында конституциялық реформалардың басым бағыттары түсіндірілді. Негізгі өзгерістердің мазмұны мен мақсаттары жөнінде ақпарат берілді.

Эльдар Апаев Конституция мемлекеттің негізгі заңы екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық талқылауларға қатысуы ел дамуы үшін маңызды екенін айтты.

Жиын ашық форматта өтті. Аурухана қызметкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар мен әлеуметтік кепілдіктер мәселесі де көтерілді.