Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа Корольдіктің негізі қаланған күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтауында Сауд Арабиясын Қазақстан үшін ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі маңызды стратегиялық серіктес деп атап өтті. Ол екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау негізіндегі жан-жақты ынтымақтастықтың халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай қарқынды дами беретіндігіне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне кәсіби қызметінде табыстар, ал сауд халқына тұрақты өркендеу мен құт-береке тілегін жеткізді.

