Қаракемер ауылдық округінде аудан әкімі Бегзат Болатбеков халыққа есеп беру жиынын өткізді – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі. Жиында тұрғындарға округтің дамуына қатысты жаңа жоспарлар таныстырылып, азаматтардың сұрақтары тыңдалды.

Жиынға аудан прокуроры, полиция бастығы, округ әкімі және тұрғындар қатысты. Спикерлер атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.

Округ әкімі Рашид Алыбаев мектеп қазандықтарын газға ауыстыру, көшелердегі ескі ағаш бағандарды бетонға ауыстыру жұмыстарын атап өтті. Аудан әкімінің қолдауымен бірнеше көшеде орташа жөндеу жүргізіліп, жолдар пайдалануға берілді.

Прокурор мен полиция бастығы құқық бұзушылықтарды алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары туралы айтты.

Тұрғындар пошта ғимаратын қалпына келтіру және кей көшелерге жол белгілерін орнату мәселелерін көтерді. Аудан әкімі қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

Жиын әкімдік жұмысының ашықтығын көрсету және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.