Жамбыл облысының Қордай ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы–Ташкент–Термез» автожолының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
22 қаңтар күні сағат 20:30-дан бастап жер үсті бораны мен көрінудің күрт төмендеуіне байланысты аталған автожолдың 159–238 шақырым аралығы, яғни Кенен ауылы мен Қайнар ауылы арасындағы жаңа «Қордай» асуы автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа жабылды.
Қазіргі таңда көлік қозғалысы «Қордай» ескі асуы арқылы балама бағытпен жүзеге асырылуда. Жауапты қызметтер жолдағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Мамандар облыс тұрғындары мен өңір қонақтарын жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруге, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және қажетсіз сапарлардан уақытша бас тартуға шақырады.

