Қордай ауданында жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың айтуынша, өңірде 80 170 экономикалық белсенді халықтың 76 576-сы жұмыспен қамтылған,-деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.
2024 жылдың екінші тоқсанында жұмыспен қамту шараларына 1 744 адам тартылып, 1 522 адам нақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 749 азамат тұрақты жұмыс орнына орналасқан. Жылдық жоспарға сәйкес, жалпы 5 520 адамды жұмыспен қамту көзделген.
2025 жылдың 1 маусымына дейін ресми түрде жұмыссыз ретінде 1 445 адам тіркелген, жыл басынан бері 2 675 азамат әлеуметтік көмекке жүгінген. Олардың 1 744-і әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.
Есепті кезеңде ваканттық бос жұмыс орындарына 749 азамат жолданды. Қысқа мерзімді оқу мен жұмыс орнында оқыту бағыты бойынша:
100 адамды қысқа мерзімді курсқа, тағы 45 адамды жұмыс орнында оқытуға жолдау жоспарланған.
Қазіргі таңда 83 азамат оқу курстарымен қамтылған, ал 285 азаматты онлайн оқыту көзделуде.
«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 385 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, бүгінгі күні 139 азамат жолданды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 2025 жылы 150 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Қазіргі уақытта 45 азамат грант иегері атанды.
Сондай-ақ, субсидияланған жұмыс орындары арқылы:
Ақылы қоғамдық жұмысқа – 618 адам,
Жастар практикасына – 51 адам,
Алғашқы жұмыс орындарына – 7 адам,
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 34 адам,
«Күміс жас» жобасы бойынша – 63 адам,
«Ұрпақтар келісімшарты» аясында – 2 адам жолданған.
Жалпы есепті кезеңде Қордай ауданында 1 791 адам жұмыспен қамтудың әртүрлі тетіктері арқылы жұмысқа тартылды.
Бұл көрсеткіштер ауданның еңбек нарығындағы жағдайының тұрақты екенін және тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтуға баса назар аударылып жатқанын көрсетеді. Жылдық жоспардың орындалуы кезең-кезеңімен жалғасуда.