2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындық аясында Қордай ауданы әкімдігінде арнайы Call-орталық ашылды. Тұрғындар референдумға қатысты қажетті ақпаратты осы байланыс арқылы ала алады – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Call-орталықтың байланыс нөмірі: 8 (72636) 4-30-19. Қызмет күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс уақыты – 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Орталық арқылы азаматтарға референдумның өтетін күні, уақыты мен тәртібі туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар өз учаскесінің нөмірі мен орналасқан жерін білуге, сайлаушылар тізіміне енгізілуі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Мамандар үйде дауыс беру тәртібін, референдумға қатысу үшін қажет құжаттар тізімін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Аудан тұрғындарына өздеріне қатысты деректерді алдын ала тексеріп, қажетті ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.