Қордай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д. Сүгірбайдың төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті,-деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.

Жиынға кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, колледж директорлары мен белсенді жастар қатысты.

Күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар Қордай ауылдық округінде аталған саясаттың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Жиын барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар да талқыланды.

Кеңес қорытындысында бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді. Олар аудан көлемінде жастар саясатын тиімді іске асыруға бағытталған.