Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады, — деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық порталы.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мен мәдени-гуманитарлық бағыттағы серіктестікті кеңейту мәселелерін жан-жақты қарастырды. Әсіресе өзара ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалы мен алдағы мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы диалогті одан әрі күшейту үшін бірлескен қадамдарды үйлестіру тетіктері сөз болды. Тараптар халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Атап айтқанда, «Орталық Азия – Германия» форматындағы әріптестікті ілгерілетуге дайындық бар екені айтылды.
Өз кезегінде Германия өкілі көрсетілген құрмет пен жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екіжақты байланыстарды нығайту жолында белсенді жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді

