Сарыбұлақ ауылында заманауи балалар ойын алаңы ашылып, ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан іске қосылды,-деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.

Жаңа ойын алаңы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған кешен түрлі жастағы балаларға арналған ойын элементтерімен, әткеншектермен және спорттық құрылғылармен толықтырылған.

Нысанның ашылуына арналған шағын шара барысында ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, бұл жобаның өскелең ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, мұндай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.