Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздеріне арналған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинар өтті. Іс-шараны Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Семинар Сұлутөр ауылының Т.Бигелдинов атындағы орта мектебінде №261 және №262 учаскелік сайлау комиссияларының қатысуымен өтті.
Семинар бағдарламасына сәйкес келесі тақырыптар қамтылды:
- Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары, байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері;
- Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар етудің алгоритмі;
- Сайлау күні сайлаушыларды тізімге енгізу тәртібі және олардың сайлау құқығы;
- Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының іс-қимыл алгоритмі;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету шаралары;
- Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі;
- Сайлау бостандығының кепілдіктері мен сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағымдану тәртібі, құқықтық жауапкершілік;
- Төтенше жағдайларда әрекет ету және арыз-шағымдарды қарау алгоритмі.
Аталған тақырыптар бойынша Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері толық түсіндірме беріп, нақты мысалдар арқылы кейстік және ситуациялық сұрақтар қойды. Комиссия мүшелері сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін бекітті.
Семинар соңында қатысушылардан қорытынды тест алынып, тақырыптар бойынша меңгеру деңгейі бағаланды.