Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме грузин тарапының бастамасымен өтті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны дамыту мүмкіндіктерін талқылады. – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Келіссөз барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі бірқатар бағыт бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екені айтылды.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе көлік-транзит, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар халықаралық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру туралы келісімге келді.