Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында Конституцияны қабылдауға қатысты рәсімге қатысып, негізгі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Korday24news.kz.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және өзге де лауазымды тұлғалар қатысты. Рәсім барысында Құрмет қарауылы жаңа Конституцияны алып шығып, мемлекеттік Әнұран орындалды.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум қорытындысын жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Конституцияға және оны іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

«Конституция – мемлекет дамуының миссиясын айқындайтын тарихи құжат. Бұл – шын мәнінде халықтық Конституция. Қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру жолын қолдап, ел болашағына өз таңдауын жасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.