«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Рейдтің негізгі мақсаты – түнгі уақытта қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын қадағалау, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүру жағдайларын болдырмау және құқық бұзушылыққа бейім ортада профилактикалық жұмысты күшейту болды.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы көшелер, демалыс орындары мен жастар көп жиналатын қоғамдық нысандар қамтылып, полиция қызметкерлері мен орталық мамандары тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд нәтижесінде анықталған бірқатар құқық бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданып, профилактикалық әңгімелер өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталатын болады.