«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы — Қазақстан Президентінің Жолдауындағы маңызды бағыттардың бірі. Бұл тұжырымдама қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуге бағытталған. Осы орайда Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелеріне құлақ түрді, -деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.
Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы қабылдау барысында тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер учаскелері, жұмысқа орналасу, жоғары оқу орындарына түсу және азаматтық алу сияқты сұрақтармен жүгінді.
Әкім заң талаптары аясында түсініктемелер беріп, тиісті сала басшыларына мәселелерді қарастыруды тапсырды. Жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.
Арыз-шағымдар мен ұсыныстар жауапты сала басшыларына жолданып, заң шеңберінде қаралатын болады.
Қабылдауға жазылу үшін аудан әкімдігі аппаратының кеңсе бөлімшесіне тікелей келуге немесе E-Otinish электронды порталы арқылы өтініш беруге болады.