2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл облысында жастардың қатысуымен этносаралық келісім мен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті,-деп хабарлайды “Korday24news.kz” ақпарат агенттігі.
Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі ІІ тоқсанда 38 іс-шара ұйымдастырып, шамамен 9 мың жасөспірімді қамтыды. Форумдар, тренингтер, шығармашылық кездесулер мен мәдени-көпшілік бағдарламалар жастарды этносаралық диалогқа тартуға арналды.
Сондай-ақ, «Жаңа толқын» жобасы аясында қаңтар-ақпан айларында 16 іс-шара өткізіліп, 5 100 жас қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Бұл бастамалар өңірде этносаралық байланыстарды нығайтуға және жастардың әлеуетін дамытуға жағдай жасап отыр.