Аудан әкімі Бегзат Болатбековтің бастамасымен Степное ауылдық округіне қарасты Арал және Қалғұты елдімекендерінде балаларға арналған екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды “Korday24news.kz” ақпараттық агентігі.

Ашылу рәсіміне аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Степное ауылдық округінің әкімі Мадияр Қарабаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы және жергілікті тұрғындар қатысты. Спорт бөлімінің басшысы алаңшалардың балалардың физикалық және әлеуметтік дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аршат Ибрагимов:

 «Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз. Олардың жақсы дамуы мен бақытты балалық шағы үшін қажетті жағдай жасау – ортақ міндетіміз», – деді.

Жергілікті тұрғындар мен ата-аналар ойын алаңшалары балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысына мүмкіндік беретінін айтып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтты. Құрылысты “Қаратаев” жеке кәсіпкерлігі уақытылы әрі сапалы аяқтады. Айта кетейік, жаңа алаңшаларда әткеншектер, сырғанақтар, өрмелеуіштер және спорттық жабдықтар орнатылған. Құрылғылар әртүрлі жастағы балаларға арналған және заманауи стандарттарға сай жасалған