2026 жылғы 28 қаңтарда Ноғайбай ауылындағы Ауылшаруашылық колледжінде студенттердің қатысуымен сайлау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Іс-шара «Сайлаудағы тәуелсіздік: құқықтық және қоғамдық аспектілер» тақырыбында өтті. Негізгі мақсат – жастардың сайлау үдерісіне қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін күшейту.

Кездесуге Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұрат және аудандық мәслихат депутаты Д.Кенжебеков қатысты. Олар сайлау жүйесіндегі ашықтық, заңдылық және тәуелсіздік қағидаттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер сұрақ қойып, пікір білдіріп, сайлау мәдениетін дамыту және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын арттыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, студенттердің ой-пікірлері мен әсерлері жинақталды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін жеткізді.