Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, — деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық порталы.

Жеделхатта Қазақстан Президенті былай деп жазған:
– Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси және экономикалық тұрғыдан дамытуға, сондай-ақ ұлттық мүддені халықаралық аренада ілгерілетуге деген маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіз Отаныңыздың биік белестерге жетуіне жол аша берсін.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамды Қазақстан үшін Азиядағы маңызды серіктестердің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің халықтың игілігі үшін одан әрі дамитынына сенім білдірді.