Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі, үкіметтің баспасөз қызметіне сітеп.
Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, бірқатар министрліктің басшылығы, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері кірді.
Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтауды тапсырды.
Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдау жөнінде тапсырма берілді.

