Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

«Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген азаматтардан қапыда айырылу – баршаға ортақ ауыр қаза. Қаза болғандардың отбасыларына сабыр мен ұзақ ғұмыр тілеймін.

Марқұмдардың иманы саламат, жатқан жерлері жайлы болсын», – деді Ербол Қарашөкеев.