Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында азаматтар түрлі салаға қатысты сауалдарын қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Қабылдауда білім, мәдениет, цифрландыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар жеке сипаттағы өтініштер мен ұсыныстар да назардан тыс қалмады.
Облыс әкімі тұрғындардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап беріп, әрбір өтініштің мән-жайына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу тапсырылды. Сондай-ақ шұғыл шешімді қажет ететін өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.

