Қордай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д. Сүгірбайдың жетекшілігімен аймақта қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Жиын барысында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Елеусізова, аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Т. Ошанов, аудандық Мансап орталығы филиалының директоры С. Көпешов жыл басынан бүгінгі күнге дейін пробация қызметі есебінде тұрған азаматтармен атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар аталған санаттағы азаматтарға қатысты өзекті мәселелерді де талқылады.
Жиын соңында комиссия төрағасы Д. Сүгірбай квота аясында жұмысқа орналасқан азаматтарға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) уақтылы аударылуын қадағалауды, II тоқсанда пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасыларының тұрмыс жағдайын зерделеуді жандандыруды, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған азаматтарды жұмыспен қамтуды, сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды тиісті бөлімдермен бірлесіп, жиі мәдени және қоғамдық іс-шараларға тартуды тапсырды.