Қордай ауданында қар тазалау жұмыстары барлық елді мекендерде, оның ішінде аудан орталығында да үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Аудандық коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы кезекшілік атқарып, жолдарды қардан тазалау, жиналған қарды шығару және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Арнайы техника мен жұмыс күштері негізгі көшелерге, әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын жолдарға және қоғамдық көлік жүретін бағыттарға жұмылдырылған.
Сонымен қатар, қар тазалау жұмыстары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үйлестіруімен жүзеге асырылуда. Жауапты мекемелер ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

