Қордай ауданында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.Мухамеджанның қатысуымен «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында қылмыстылықты алдын-алу шараларын күшейту мәселелері мекемеаралық мәжілісте қаралды, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Жиында прокуратурамен жыл басынан бері тіркелген қылмыс динамикасы талданып, зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қылмысы, жол-көлік оқиғалары және интернет-алаяқтық сияқты қылмыстардың өсуіне әсер етіп отырған факторлар анықталды.

Мәжіліс қорытындысында профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның патрульдеу жұмыстарын күшейту, білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту және әлеуметтік тәуекел топтарымен жеке профилактиканы жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!