Жамбыл облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өртке қарсы посттар жаңғыртылуда. Бұл жоба ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға бағытталған.
Қордай ауданының Сортобе ауылындағы ерікті өрт посты толықтай жаңартылды. Жаңғырту жұмыстары барысында материалдық-техникалық базасы жақсартылып, ғимарат жөнделді, қызметкерлерге ыңғайлы жұмыс жағдайлары жасалды. Сонымен қатар өрт техникасы мен құрал-жабдықтар жаңартылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – аудан орталығынан алыс орналасқан ауылдарда төтенше жағдайларға жылдам жауап беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Аудан тұрғындары үшін бұл маңызды оқиға, өйткені дайын және жабдықталған өрт постының болуы – қауіпсіздік кепілі, шұғыл көмек пен төтенше жағдайлардан қорғаныс деген сөз.
Жаңартылған пост ауылдық құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттырып, азаматтық қорғаныс жүйесін күшейтеді.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – ауылдық аймақтардың қауіпсіз әрі тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта аудандағы басқа елді мекендерде де жаңғырту жұмыстары жалғасып, барлық тұрғындарға сенімді өртке қарсы қорғаныс жүйесі құрылатын болады.
Шолпан Сабанова