Аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауда 15 тұрғын әртүрлі әлеуметтік түйткілдер бойынша өтініштерін білдірді. Олардың басым бөлігі баспана мәселесін көтерсе, өзге азаматтар медицина, жер қатынастары, инфрақұрылым және әлеуметтік қолдау бағытында көмек сұрады.

Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы әрбір тұрғынның уәжін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты қолданыстағы заңнама аясында нақты және толық жауап берді. Бірқатар сұрақтар бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, аудан басшысы әр азаматтың өтініші ескерусіз қалмайтынын және жауапты органдар тарапынан бақылауда болатынын ерекше атап өтті.

Қабылдауға аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары қатысты.