Жаз мезгілі – су айдындарында демалуға қолайлы уақыт. Алайда дәл осы кезеңде қауіп те арта түседі. Су жағасындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайда көмек көрсетуге дайын болуы тиіс.
Ең бастысы – балаларды су жағасында үлкендердің қарауынсыз қалдыруға қатаң тыйым салынады!
Суға жүзуді меңгеру – өз өміріңді қорғаудың негізгі дағдыларының бірі. Жүзуді білетін адам өзін сенімді сезінеді және қажет болса өзгелерге көмек көрсете алады.
Су жағасында денсаулыққа пайдалы әрі қауіпсіз демалу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- Тамақ ішкен соң кем дегенде 1,5 сағаттан кейін шомылу керек;
- Әр тұрғын өз өңіріндегі су айдындарының ерекшеліктері мен қауіпті тұстарын білуі тиіс;
- Бейтаныс жерлерде сүңгімеңіз – түбінде бөрене, шыны сынығы, темір қалдықтары болуы мүмкін;
- Батпақты, балдыр мен тұңғиыққа толы жерлерде шомылуға болмайды;
- Жағадан тым алысқа үрлемелі матрас, ойыншық немесе камерамен жүзуге болмайды – олар жарылып кетсе, өзенде жүзе алатын адамның өзі қатерге ұшырауы мүмкін;
- Ауа райы қолайсыз болғанда (найзағай, дауыл, қатты жел) суға түсуге болмайды;
- Егер өзеннің қатты ағысына тап болсаңыз, оған қарсы жүзбеңіз — ағыспен қатар жүзіп, біртіндеп жағаға қарай бұрылыңыз;
- Су асты құйындысына түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз – терең тыныс алып, сүңгіп, кенеттен жанама бағытта қозғалып, құйыннан шығыңыз;
- Егер аяқ-қолыңызды тырысып қалса, судан шығуға тырысыңыз, бұлшық етті уқалаңыз, арқамен жатып жаймен жағаға қарай жүзіңіз;
- Шын мәнінде көмек қажет болса, ұялмай көмек сұраңыз. Алайда жалған дабыл көтеруге болмайды;
- Қайықта жүзгенде міндетті түрде құтқару жилетін киіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – судағы өмірдің кепілі.
Қордай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі