Қордай ауданының Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтерінде жаңа әкімдер ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 45 және 113-11 баптарына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 25 тамызда тиісті шешім қабылдады.
Аталған шешімге сәйкес, 2025 жылғы 24 тамызда өткен сайлау нәтижесінде:
- Бетқайнар ауылдық округінің әкімі болып Куттуков Бақытжан Бауыржанович тіркелді;
- Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып Алыбаев Рашид Елшибекович тіркелді;
- Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Қонырбаев Бақыт Жарқынович тіркелді.
Жаңа сайланған әкімдер заңға сәйкес өз қызметіне кіріседі.