Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №ЖҚ-1-20 бұйрығына сәйкес Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің директоры лауазымына Ораздыбаев Ильяс Калдыбекович тағайындалды, деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Ильяс Калдыбекович Ораздыбаев 1973 жылы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары. Біліктілік санаты — педагог-сарапшы, 3 санатты басшы орынбасары.
Еңбек жолын 2001 жылы Қарасай ауылындағы №20 Алмалы орта мектебінде физика және информатика пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 2005–2008 жылдары осы білім ордасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2008–2010 жылдары Еңбек ауылындағы №22 Еңбек орта мектебін басқарды. Ал 2010–2014 жылдар аралығында Қарасай ауылындағы №21 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.
2014–2025 жылдары Қарасай ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. Сондай-ақ, 2025 жылғы 3 қыркүйектен 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін аталған мектеп директорының міндетін уақытша орындады.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

