Қордай ауданында туған жас боксшы Бейсехан Мейрлан Орал қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 58 келі салмақта топ жарып, ел чемпионы атанды. – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
2026 жылғы 18–24 қаңтар аралығында ұйымдастырылған республикалық біріншілікке еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас спортшылар қатысқан. Бейсехан Мейрлан жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орын иегері болды.
Спортшының айтуынша, бұл жетістік ұзақ дайындық пен жаттығу үдерісінің нәтижесі саналады. Жасөспірім боксшыны жарысқа дайындаған жаттықтырушысы — Байгелов Данияр.

