Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 34 -сессиясында түрлі этнос өкілдері қоныстанған Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ғимаратын ашу қажеттігіне тоқталып, тілге тиек етті,-деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агентігі.

“Біріншіден, Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек. Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек. Сонымен қатар Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек. Барлық аймақтағы Достық үйлерін өз азаматтарымыз да, қажет болып жатса, шетелдік қонақтар да баратын туристік бағыттар картасына енгізген жөн. Құзырлы орган басшылары мен әкімдер Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс”, – деді ел президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы.