Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мәслихаттардың азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау істерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың жұмысын күшейтетініне сенім білдірді.
Конституцияның 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткен консультация барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент айтылған пікірлерді ескере отырып, Конституция талаптарына толық сәйкес түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

