Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына арналған кеңес өтті. Жиында өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту және жаңа нысандар салу мәселелері қаралды, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Кеңеске Туризм және спорт министрі, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірлерде жаңа спорт нысандарын салу мәселесі талқыланды. Оның ішінде Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар да бар.
Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс жұмыстары кезінде әр өңірдің нақты қажеттілігін ескеріп, нысандардың сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуына мән беру керектігін атап өтті. Сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан уақытылы өткізу жөнінде тапсырма берді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер жүктелді.

