Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан XVII республикалық чемпионатта Жамбыл облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Жарыста жамбылдық спортшылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 57 келіде Орынбасар Махан, 80 келіде Нұрдәулет Жұрымбай және 97 келіде Диас Үштаев қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Ал 73 келі салмақта Рауан Расулов үшінші орын алды.
Сонымен қатар Орынбасар Махан «Үздік техника» номинациясымен марапатталды.
Осылайша, Жамбыл облысының құрамасы республикалық чемпионатты үш алтын және бір қола медальмен қорытындылады.

