Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 қазандағы №1100 бұйрығымен Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп, кейбірінің күші жойылғаны туралы бұйрық бекітілді.

Аталған бұйрыққа сәйкес, әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың баламаларын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін азаматтар осы Қағидаларға сәйкес белгіленген нысанда өтініш бере алады.

Әскери билет келесі санаттағы азаматтарға беріледі:

  1. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босатылып, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға;
  2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ әскери қызметте немесе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және белгіленген мерзімді толық өткерген азаматтарға;
  3. Бұрын өзге мемлекеттерде әскери билетке (баламасына) ие болған, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп, кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алған тұлғаларға;
  4. Әскери атағы қалпына келтірілген және әскери қызметте немесе құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтарға;
  5. Әскери қызметте, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткермеген азаматтарға – мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында, жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билет беріледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар электрондық үкімет порталы арқылы өтінішті электрондық форматта жолдайды.

Г. ДАМИНОВ
Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы,
полковник