Масаншы ауылындағы кәсіпкер Керим Суалихарұлы Уджур ауыл шаруашылығымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Оның «Щенхо» шаруа қожалығы көкөніс пен дәнді дақыл өсіру бағытында жұмыс істейді, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі
Биыл кәсіпкер ауыл маңынан мал бордақылауға арналған жаңа алаң іске қосты. Бұл мақсатта Орал қаласынан 200 бас қызыл қасқа тұқымды бұзау әкелінген.
Жоба сапалы ет өнімін өндіруге және болашақта экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпкер егістік көлемін ұлғайтып, мал азығын өз шаруашылығында дайындауды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда бордақылау алаңында төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл бастама ауылдағы өндірісті дамытуға және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.

