Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен ел халқын ұлттық мереке — Корольдің таққа отырған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығайып, халықтардың игілігі үшін одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Президент Иордания Короліне жауапты қызметінде табыс тілеп, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.