Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сегізінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес өтті,– деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өңірлік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан халық қалаулыларына алғысын білдірді.
Сегізінші шақырылымның жұмысы барысында облыстық мәслихаттың 37 сессиясы өтіп, 356 шешім қабылданды. Сонымен қатар депутаттар тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша 505 депутаттық сауал жолдады. Мәслихат қызметіне қатысты 418 өкім шығарылды.

