Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қатар арасындағы серіктестікті нығайту, бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
