Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдап, ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады, – деп хабарлайды «Korday24news.kz» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, конституциялық құндылықтарды түсіндіру, «Таза Қазақстан» жобасын іске асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу мәселелері баяндалды.

Сонымен қатар этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру бағыттары талқыланды.

Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуы керектігін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың ортақ мақсат жолында жұмылуы елдің қарқынды дамуына негіз болатынын айтты.